Қосшының жас суретшілері франциядан жүлде алды
Редакция таңдауы
180
Халықаралық «Балалар соғысты қаламайды» тақырыбындағы жас суретшілер байқауына Қосшы қаласының «Sauran club» қылқалам шеберлері қатысып, жүлделі орын алды. Францияда өткен байқауға балалардың жұмысын ұсынған жетекшісі Ерлан Суанбекұлы «Желтоқсан айында Париж де өткен ха лықара лық байқауға біздің суретшілердің жұмыстарын ұсынған болатынмын. Байқауға тек Қазақстан емес, әлемнің түкпір-түкпірінен шеберлер қатысты. Жалпы 21 баланың жұмысын ұсынған едік, 6 бала Гран при, 9 бала бірінші орын, 4 бала екінші орын тұғырынан көрінді, 2 бала үшінші орын алды. Бізге байқаудың дипломдарын тек электронды түрде жіберді, мамыр айына балаларды сол жүлдерін ұйымдастырушылардың өз қолынан алуға шақыру алып отырмыз. Сәтін салса ата-аналарымен барып, ел көріп, балаларымыз шабыт алып келеді деген сенімдеміз. Балаларымның жетістігі үшін қатты қуаныштымын. Бұл бір орындалған арман болды», дейді. Жалпы, байқауға балалардың жұмысын ұсынбас бұрын орталықтың жас суретшілерінің жетекшісі, Халықаралық деңгейдегі суретші, білік ті маман Ерлан Суанбекұлы бірнеше апта бойы балалармен тыңғылықты жұмыс іс теп, бояуды дұрыс қолдану, үйлестіру, қиялды қағазға түсіру сияқты шеберліктерін шыңдау бағытында дайындық жүргізген. Тақырыпты барынша ашу үшін түсіндірме жасаған. Әлемде болып жатқан жаңалықтан балалардың да хабары бар. Олардың да айтар ойы, салмақтайтын санасы қалыптасқан. Байқаудың мақсаты да осы екен. Балалардың соғыс тақырыбын қалай қабылдап, қалай таразылайтындығын айқындау. «Үйірмеге келген әрбір бала өзінше талантты, өте қабілетті. Ойлары да ұшқыр. Тақырыпты әрқайсысы әртүрлі қабылдайды. Соған орай еркін қиялдай да алады. Бұл жеңісіміздің тек бастамасы деп білемін. Ерінбей еңбек етіп, ізденсек әлі талай шыңдарды бағындыратынымызға сеніммен қараймын», дейді қылқалам шеберлерін жеңіске жетелеген жетекші. Жер шарының қайғысын, мұңмұқтажын, соғыстың әсерін ашып жеткізген суреттерде ащы шындық, балалардың уайымы, тарихты қабылдау психологиясы жатыр. Әр суреттің өзінше бояуы, айтары бар. Жас суретшілер Даниял Алхар, Савелий Овсянников, Інжу Әжібай, Әлихан Сәрсенбай, Кәусар Тауфик, Мәриям Тауфик, Айзере Құламерген, Әмина Мұхаметқали, Айша Мұхаметқали, Айша Каусыл, Құралай Қабден, Айсана Олжатай, Аяла Дүйсен, Айзада Исембай, Арвина Нұрила, Айсана Әлімсейітова, Раушан Ануарқызы, Амира Әскерова, Әдемі Тәңірберген, Әлинұр Тәңірберген, Расул Саяхатұлы жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін үстем етті. Мақсаты айқын орталықтың жас өнерпаздары алдағы уақытта да жаңа жетістіктерімен қуантады деген сенім зор.
Гүлназ БИСЕН
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Редакция таңдауы
Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды
Пікірлер (0)