Астананың бас жоспары бекітілді. 2035 жылға дейін қалада не өзгереді?
Редакция таңдауы
270
ҚР Үкіметі Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды janabastau
Онда елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген.
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Астананың негізгі қала құрылысы құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өтті. Онда халық санының қарқынды өсуін ескере отырып, қаланы серпінді дамыту шаралары қарастырылған, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)