Мəжілісмен мектептерді аралады

Редакция таңдауы
view 108
news

Өткен жұма күні қаламызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот құқықтық реформалар комитетнің мүшесі Бәшімов Марат Советұлы келді.

Мәжіліс депутатының қаланың активімен кездесу кезінде Қосшы қаласының әкімі Г.Қасенов өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспар туралы баяндап берді. Сондай-ақ өткен жылы 2 700 орынға арналған екі мектеп қолданысқа берілгенін, мектептерде үш ауысымдық оқыту жойылғанын тілге тиек етіп, қаланың әлеуметтік- экономикалық жағдайымен қысқаша таныстырып өтті. Әкім қаланы ауызсумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, коммуналдық-шаруашылық жұмыстарын жолға қою, тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңыздағы нысандар құрылысы, аулаларды абаттандыру, жол-көше салу және жарықтандыру, балалар алаңдарын жасақтау, т.б. бағытында қолға алынған ауқымды іс-шараларды жүйе-жүйесімен әңгімелеп берді. Гайдар Қабдоллаұлы қаланың ауыл кезінен қалған, көп жылдардан бері қордаланып жатқан проблемалары біртіндеп шешіліп келе жатқанын жеткізді. Мәжіліс депутаты М. Бәшімов іссапар барысында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында салынған №3 жалпы білім беру мектебінің ұжымымен кездесті. Сондай-ақ осы оқу жылында пайдалануға берілген тағы бір жаңа білім ордасы – жеке инвестиция қаражаты есебінен бой көтерген заманауи үлгідегі 1 500 орынға арналған мектеп гимназиясында болды. Рахымжан

Сейдахметов, «AMANAT» партиясы Қосшы қалалық филиалының төрағасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *