Қосшы қаласының тұрғыны Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері атанды
Редакция таңдауы
299
Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сондай-ақ министр мемлекет тарапынан еліміздің ақын-жазушыларының туындыларын басып шығару арқылы оларға белсенді түрде қолдау көрсететінін айтты. Жыл сайын қоғамдық маңызы бар кітаптарды сатып алу, басып шығару және тарату бағдарламасы бойынша қаламгерлердің кітаптары жарық көреді. Соңғы екі жыл ішінде үш жүзден астам жаңа туынды төл әдебиетіміздің қорын толықтырды. Ел мәдениетінің дамуына қосылған құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалар үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық пен «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы беріледі. 2023 жылы жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды.
Әдеби сыйлық 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлерге арналған. Авторлар бұған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған өз шығармаларын ұсынып, барлығы 53 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Балалар әдебиеті» номинациясына - 17, «Драматургия» номинациясына - 9, «Поэзия» номинациясына - 13, «Проза» номинациясына - 14 үміткер бар.
Пікірлер (0)