Инвестиция ел ырызығы
Сейсенбі күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің жетекшілігімен кезекті аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде ел дамуындағы маңызды екі мәселе – бос жатқан және жер заңнамасына қайшы қолданыста жүрген, сондай-ақ өз мақсатында пайдаланылмай отырған телімдерді мемлекет меншігіне қайтару; одан бөлек, инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар қаралды.
Бірінші баяндамашы, «Қосшы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Асылан Таймасовтың айтуынша, Жер кодексінің 144 бабына сәйкес, құзырлы мекеме мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазым иелерінің жер қатынастарына қатысты заңда көрсетілген талаптарды сақтауына және орындауына бақылау жасайды. Осы сала бойынша кемшілік-келеңсіздіктерді анықтап, оны жоюға, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарып қалпына келтіруге, жер кадастрының және жерге орналастырудың дұрыс жүргізілуіне, телімдердің нәтижелі пайдаланылуына және қоршаған ортаны қорғауға жауап береді. – Жер кодексінің 43 бап 10 тармағына сәйкес, шекарасы белгіленбеген телімдерді пайдалануға беруге және ондай аумақтарға иелік ету құқын беретін құжаттарды рәсімдеуге болмайды. Аталған норманың сақталмауы жер телімдерін өз еркімен басып алу болып саналып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көзделген бап бойынша әкімшілік жауапкершлікке тартылады, – дейді Асылан Таймасов.
Былтыр 30 маусым күні «Лесная Поляна» мөлтек ауданы мен Республика көшесі, 18 мекенжайында шағын және орта бизнес субъектілерінің жер телімдерін заңсыз басып алғаны жөнінде 8 фотоесеп түрінде 01-21/63 нөмірімен хат жолданған. Сондай-ақ 4 шілде күні Департамент жер учаскесінің иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу тағайындалды. Жер телімінде құрылысы бітпеген үй, газ блогын өндіретін цех бар. Департамент жер иесіне кемшіліктерді жою туралы хат тапсырып, айыппұл салды. – Аталған әрекеттер өз кезегінде мемлекеттің жерге меншіктік құқының бұзылуына соқтырып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктейді. Департамент кемшіліктерді жою жөнінде хабарлама табыс етті. Одан кейін Қосшы қаласының әкімдігі қалалық сотқа және Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жазды.Қазіргі күні бұл іс Қосшы қаласының сотында және Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр,– деді А.Таймасов.
Қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 384 жұмыс орнын құрумен 16 инвестициялық жоба іске асырылды. Олар көпқабатты тұрғын үй, коттедждік қалашықтар, өнеркәсіп секторы, білім беру, бөлшек сауда, агроөнеркәсіптік кешені, сондай-ақ спорт және мейрамхана құрылыстарын салу салаларына салынды,– деді Еділ Қабыкенов.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының айтуынша, ең ірі жобалар ретінде мыналарды атап өткен жөн: «Accent Development Solutions» ЖШС-нің мектеп құрылысы –1 500 орындық. (7, 500 млрд теңге сомасына, 150 жұмыс орны); «Жас Құрылыс» ЖШС, 80,0 мың м2 тұрғын үйге арналған көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы (4, 000 млрд теңге сомасына, 80 жұмыс орны); «IL Tov» ЖШС, қуаттылығы жылына 3000 тонна құс өнімдерін қайта өңдеу зауыты. Ал Қосшы қаласының биылғы жылға негізгі капиталына инвестициялар тарту жоспары былтырғыдан да ұлғайып, 56,400 млрд теңгені құрады, сонымен бірге жаңадан 445 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде, бюджет қаражаты –11, 500 млрд теңге; жеке тұрғын үй құрылысы – 10, 000 млрд теңге; жеке инвестициялар – 34, 903 млрд теңге. Бұл ретте іске асырылатын ең ірі жобалар ретінде «Жас Құрылыс» ЖШС-ның 12,000 млрд теңге сомасына 130 мың м2 арналған көппәтерлі тұрғын үйлерді салу; «Accent Development Solutions» ЖШС-ның 8,500 млрд теңге сомасына 1000 орындық мәдени демалыс орталығының құрылысы; «IL Tov» ЖШС-ның қуаттылығы жылына 3 000 тонна, 5,000 млрд теңге болатын Индустриялық тамақтану кешенінің құрылысы; «Жиенбаева» ЖК-ның 1, 000 млрд теңге сомасына family INN қонақ үйін қайта жаңарту, сыйымдылығы 250 адамға дейінгі мейрамхана мен сауда орталығын салу жоспарланған.
Одан бөлек, Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша жобаларды іске асыру күтілуде. Атап өтсек: - «Asyltas corp» ЖШС-ның 20 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 403 млн теңгеге жасанды мәрмәр дайындау фабрикасын салу; - «Gardens» ЖШС-ның (ЖШС Главстрой) цех құрылысы БК, өсімдік дақылдары питомнигін өндіру бойынша 20 жұмыс орнын құрумен 200 млн теңге.
Баяндамасының соңында Еділ Қабыкенов инвестиция тарту бойынша жұмыс кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің тұрақты бақылауында болатындығын айтты. Қала әкімі Гайдар Қасенов инвестиция тарту бойынша Қосшы облыста бірінші орында тұрғанын, оның ішінде негізгі капиталға құйылатын инвестицияның 82 пайызы жекеменшіктің еншісінде екенінін айта келіп, ол бойынша басқа өңірлердің біздің қаланың көрсеткішіне маңайлай да алмайтындығын қуанышпен жеткізді. Қосшы қаласы аппарат кеңесінің соңында басқа да ағымдық мәселелер талқыланды.
Бетті дайындаған Дәулет АСАУ,
Фотоны түсірген қала әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Ардақ ЗҰЛҚАЖАПҚЫЗЫ
Пікірлер (0)