Президент Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады
Жаңалықтар
29
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Астана Опера» театрының сахнасында қазақстандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзін жарияладық.
Сондай-ақ Республика күні қарсаңында Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Пікірлер (0)