Кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде сақтандыруды қалай қайтаруға болады?
Фото: rebus-finance.kz
Несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда сақтандыруды қайтаруға болады. Ол үшін мына шарттарды орындасаңыз болғаны.
Несиені 14 тәуліктен кейін толық қайтаруға құқылысыз
Тұтынушылық несие негізінен арнайы бір мақсатқа берілмейді. Қаржы ұйымдары қарыз берген жеке тұлғадан ақшаны қайда, қалай жарататынын сұрамайды. Сондықтан оның кәсіп ашуға жұмсалғаны қағаз жүзінде көрсетілмеген. Яғни кез келген адам несиені мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндігі болса, келісім-шарт жасалған күннен 14 тәулік өткеннен кейін сол күндер үшін есептелген үстемені қосып қана қайтаруға құқылы. Бірақ осы жерде ескере кететін бір жәйт бар. Елдің "Банк және банк қызметі туралы" заңында "бір жылға берілген қарызды алты ай өтпей жапсаңыз, қаржы ұйымы үстеме ақыны толық бір жылға алуға құқылы" екені айтылады.
Несие рәсімдегенде жадынамаға мән беру керек
Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап жүрген клиент бұл туралы банкке өтініш қалдыру керек. Соған сәйкес қаржы ұйымы қарыз сомасын қайта есептеп, нақты берешекті хабарлайды.
Егер олай болмаған жағдайда кез келген азамат елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана алады.
Айта кетейік, осы агенттік ашылғалы қаржылық қызметті тұтынушының құқығын қорғайтын бірнеше өзгеріс енгізілді. Соның бірі несие алу кезінде берілетін бірыңғай жадынама. Онда несиеге қатысты негізгі ақпарат жазылады. Мысалы, қарыз сомасы мен валютасы, қарыз мерзімі, төлем саны, өтеуге тиіс жалпы сома сыйақының жиынтық сомасы және басқа да мәліметтер жазылған.
Қазір елдегі барлық банктер қарыз алушыға шартпен бірге осы жадынаманы ұсынуы тиіс. Бұл азаматтың бірнеше қаржы ұйымын салыстыра отырып тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді. Ал негізгі талаптар келісім-шартта көрсетілген. Сондықтан қарыз аларда онымен мұқият танысып шыққан жөн.
Дреккөз: kaz.nur.kz
Пікірлер (0)