«Крокустағы» теракт: Сот күдіктілерге айып тақты
Фотосурет: Артем Геодакян/ ТАСС
Ресейдегі «Крокус Сити Холл» концерт залына шабуыл жасады деген 4 күдіктіге Мәскеудің Басманский аудандық соты айыпталушыларды 2 айға қамауға алу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айыпталушы Рачабализода Саидакрами Муродали мен Мирзоев Далерджон Баротовичке Ресей қылмыстық кодексінің 3 бап, «б» бөлігі мен 205 тармақшасы яғни адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау бабы бойынша айып тағылды.
Бұл қылмыс үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Айыпталушы Далерджон Мирзоевтың 32 жаста, үйленгені және төрт баласы бар екені сот отырысы барысында белгілі болды. Мирзоев Новосибирскіде уақытша тұрған.
Ал Саидакрам Рачабализоде 30 жаста. Үйленген әрі бір баласы бар.
Фаридун Шамсутдин 1998 жылы туған. Тәжікстан азаматы. Сегіз айлық баласы бар. Подольск фабрикасында жұмыс істеген. Красногорскте тіркелген.
Ал Файзов 2004 жылғы. Иваново қаласында тіркелген.
Күдіктілердің екеуі қылмысын толықтай мойындап отыр. Сот жабық режимде өтіп жатыр.
Пікірлер (0)