“Күйеуге шыққан қыздың руы өзгереді” дейді Ахметбек Нұрсила
Сурет: Ашық дереккөзден
Әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила қазақ әйелінің жұрттарына қатысты жазба жариялады деп хабарлайды janabastau.kz
-ке сілтеме жасап.“Қазақ әйелінің 3 жұрты болады: Өз жұрты (келін болып түскен жері, күйеуінің жұрты), нағашы жұрты және төркіні!
Өкінішке қарай осыны қазіргі 70-80 дегі апаларымыздың көбі білмейді екен.
Марқұм шешем қыздарын бөлектеп “Түрлиндер келді, Ахановтар келді” деп отыратын, кезінде онша мән беріп, түсінбегенбіз, ол да үлкен САЯСАТ екен ғой.
“Қыз жат жұрттық” “Шыққан қыз шиден тысқары” “Тастай бат, судай сің” “Қыз үйге қонақ” деген дана тәрбиенің арқасында Қазақта ажырасу болмаған ғой
Қонақ бір күні өз жұртына кету керек қой, бұл үйде уақытша ғана отыр., қонақ мәңгілік емес қой..
Келін боп түскен соң сол әулеттің ұрпағын жалғастырып, сөзін сөйлеп, жыртысын жыртып, керек кезде сойылын да соғатын болған.
Қазіргі заманда әйелдер “Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды” деген оңбаған мақал шығарып алған.
Менің әйелім арғынның қызы, бірақ ол Найман, соның ішінде Матай. Ал Арғын ол төркіні!
Осыны жастардың санасына мықтап тұрып сіңіре алсақ, ажырасу азаяды, тіпті мүлде болмайды!
Қазіргі тіпті үлкен жастағы , қыз ұзатылып, келін түсіріп отырған әйелдерге осыны айтсаң “Біз қалай руымызды, сүйегімізді, өзгертеміз, қалай басқа румыз деп айтамыз” деп бастары қатады”, деп жазды
Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты “қыздың руы өзгермейді”, “бұл дұрыс емес”, “дұрыс, әйел барған жерінің руын алады” деген сыңайда пікірлер жазуда.
Пікірлер (0)