Сара Назарбаева қайтыс болды - БАҚ

Жаңалықтар
view 308
news

Ашық дереккөзден

Бірнеше қазақстандық БАҚ Сара Назарбаева 85 жасына қараған шағында қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Алайда бұл ақпаратты тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды. 

- БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем алып жатыр. Оның қайтыс болғаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, делінген жауапта.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз екенін хабарлаған едік. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.

Сара Алпысқызының неге көзден таса болғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, “жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған”.

Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *