Путин Ыстамбұлға бармайды
Сурет: https://www.bbc.com/
Бүгін Украина мен Ресей арасындағы кезекті келіссөздер басталады. Екіжақты тікелей кездесу Түркияда өтуі тиіс. Мұндай бастаманы Кремль басшысы Владимир Путиннің өзі ұсынған болатын. Алайда, маңызды шараға Ресей президенті қатыспайды, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.
Ыстамбұлдағы келіссөзге Ресей делегациясын оның көмекшісі Владимир Мединский бастап бармақ. Кремль жариялаған тізімге бірде-бір министр кірмеген. Тіпті Сыртқы істерге жауапты Сергей Лавров, Қорғаныс министрі Андрей Белоусов та жоқ.
Ыстамбұлдағы жиын Ресей мен Украина арасындағы АҚШ-тың қатысуымен өтетін шешуші келіссөздердің бірі болмақ. Бірақ, оған Путинмен бірге Трамп та қатыспайтын болды. Бұл міндеттеме мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға жүктеліп отыр.
Пікірлер (0)