Эмманюэль Макрон: Франция енді Украинаға бұрынғыдай қару бере алмайды
Фото: zelenskyy_official / emmanuelmacron
Телеарнаға берген ұзақ сұхбатында ол конституциялық мерзімге жеткеннен кейін 2027 жылы отставкаға кетпес бұрын өзінің соңғы екі жылында басымдық беретін жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz iinbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз Украинаға өзін қорғауға көмектесуіміз керек. Бірақ "Үшінші дүниежүзілік соғысты" ашқымыз келмейді. Соғыс тоқтатылып, Украина келіссөздерге кірісу үшін ең жақсы жағдайда болуы керек", - деді ол.
Сонымен қатар, Эмманюэль Макрон Францияның Украинаға техника мен құралдарды жеткізуде барлық мүмкіндіктерді қарастырғанын атап өтті. Енді олар өздерінің қауіпсіздігін қатерге тіге отырып, қару-жарақ жеткізуді арттыра алмайтынын айтты.
Егер Ресей атысты 30 күнге тоқтатуға келіспесе, Еуропа елдері санкция мәселесіне қайта оралуға мәжбүр болады.
Пікірлер (0)