«50 млн берген»: Әнші Садраддин қайырымдылыққа жиналған ақшаға концертін өткізген бе

Жаңалықтар
view 28
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал әнші Садрадиннің концертіне “Елге көмек” қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев ақша бөлген, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz- ке сілтеме жасап.

Блогер әншіге демеуші болып, 50 миллион теңге берген деген ақпарат тарады. Заңгер Нұрсұлтан Орынбектің айтуынша Ілияс Сариевтің лудоманияға тәуелді болған. Одан кейін сахнада өнер көрсетуді де көздеп жүрген. 

"Лудоманнан бөлек әнші боламын деп жүрген жігіт қой. Әнші Садраддиннің концертіне 50 млн теңге бөлді дегенді естідім. Оны көпшілік айтып жүр. Халық айтса, қалып айтпайды. Садраддиннің концертіне қомақты қаржы бөлгенін құлағым шалып қалды. Өткенде осы Сариевтің ісіне қатысты бірнеше факті шықты. Осының түбін бір зерттеп көру керек. Расымен солай болды ма? Әншінің кінәсі жоқ, бірақ бұл фактілерді тексеру керек. Егер 50 млн теңге аударғаны расталса, алданған ақша екені дәлелденсе, әнші Садраддин ар-ұят тұрғысынан халықтың ақшасын кері қайтаруы керек", – деді заңгер.  

Айта кетейік Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сариевтің ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта 30-дан астам адам жәбірленуші ретінде танылған. Сариев қазір қамауда отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *