«Жұлдызай» фестивалінің финалында – Ақмола облысының үміткерлері!

Жаңалықтар
view 16
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылындағы «Мектеп-интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда.

Қатысушылар «Арт-ложки» аспаптық ансамблі номинациясы бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ұжым фестивальдің финалына өтіп, Гран-при жүлдесіне үміткер атанды.

Қазіргі таңда https://fest.juldizai.kz/ сайтында ашық халықтық онлайн дауыс беру өтіп жатыр.

Ақмола облысының тұрғындарын финалистерімізге қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырамыз!

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *