Күйеуі әйелін ажырасқаны үшін өлтіріп кетті
Сурет: Ашық дереккөзден
2024 жылдың желтоқсанында екі баланың анасы Дженнифер Шеффилд күйеуімен ажырасқаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Видеоға бұрынғы жұбайы “керемет" деп пікір қалдырды. Өйткені олардың ажырасуы дау-дамайсыз шешілген.
"Сонымен, мен жалғызбасты анамын. Қазір ажырасу процесінде жүрмін. Менің күйеуім бұл шешімге қарсы болмады. Біздің баламыз бар екенін ескере отырып, бұл дұрыс шешім екенін түсіндік. Экс-күйеуім қызын тәрбиелеуге көмектеседі, оны қолдайды, мен оған өте ризамын", — деді ол бес миллион қаралым жинаған видеосында.
Бейне жарияланғаннан кейін 18 күн өткен соң әйел өз үйінде өлі табылды. Оны күйеуі атып өлтіріпті.
Әйелдің таныстары Брэндоннан мұндай қатыгездік күтпегенін айтады. Олардың айтуынша, ол әрқашан әйеліне сүйіспеншілікпен қараған.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Дженнифердің оқиғасынан кейін, күйеуі ешқашан зорлық-зомбылық көрсетпесе де, ажырасу әйелдің өміріне қауіп әкелуі мүмкін екенін талқылап жатыр.
Пікірлер (0)