“Күйеуім жалықса, қызыммен төркініме кетіп қаламын“: Мархаба Сәби отбасылық өмірі туралы айтты
Жаңалықтар
238
Фото: видеодан алынды
Танымал әнші, хит әндердің авторы Мархаба Сәби "1001 түн" бағдарламасында отбасылық өмірі туралы сұхбат берді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Әншінің айтуынша, шығармашылық адамдарға еркіндік, кейде отбасынан демалып тұру керек.
"Махаббат сезімі лаулап тұрған ғашықтар бір-бірінен жалықпайды ғой. Ал отбасы болған соң бәрі басқаша. Кейде күйеуім менен шаршап кетсе, мен қызымды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жолдасымнан жалығып, шаршасам, күйеуім қызымды алып, басқа жаққа кетіп қалады. Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу", – дейді Мархаба Сәби.
Пікірлер (0)