Алматыда жолайрықтарында қауіпсіз қоршаулар орнатылуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда бірқатар жолайрықтарында ескірген қоршауды тозуға төзімді және қауіпсіз қоршауға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мысалы, Байзақов пен Манас көшелерінің арасындағы Сәтбаев көшесіндегі жолайрығындағы құбырлы металл қоршау 15 жылдан астам уақыт бұрын орнатылған. Пайдалану жылдарында қоршауға бірнеше рет ағымдағы жөндеу жүргізілді, бірақ зерттеу көрсеткендей, бүгінде ол әбден ескірген.
Сонымен қатар, құбырлы қоршау қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етпейді, ал орнатылған толқындық қоршау төзімді әрі траекторияны сәл бұрышпен түзетеді. Ол сондай-ақ мырышталған металдан жасалған, яғни коррозияға төзімді.
Жоғарыда көрсетілген жолайрығында барлығы 3 мың метрге жуық қоршау ауыстырылады. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда.
Осыған ұқсас жұмыстар Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысында жүргізілуде. Барлығы 2,5 мың метр қоршау ауыстырылады. Жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі – қараша айының соңы.
Бұған дейін мұндай қоршау Райымбек даңғылының солтүстігіндегі Назарбаев даңғылының бойындағы эстакадаға орнатылған болатын.
Пікірлер (0)