Құрметті ақмолалықтар!

Жаңалықтар
view 127
news

1 наурызда біз бәріміздің ортақ мерекеміз – өзара көмекті, шынайы ілтипатты және еліміздегі бірлікті айғақтайтын Алғыс айту күнін атап өтеміз. 2016 жылы қазақстандық күнтізбеде пайда болған бұл мерекелік күн барлық кедергілерге қарсы қоян-қолтық, бірге тұра білген және мықты мемлекет құрған республикамыздың барлық халқына құрмет белгісі болып табылады. Біздің еліміздің тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы. Бұл туралы біз әрдайым ұмытпауға тиіспіз! Бұл – халық зердесі үшін, адамдардың достығы мен өзара түсіністігі үшін, біздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін ең басты игілік. Бұл тамаша датаның басты маңызы – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар байланысын нығайту, жастарға рухани тәрбие беру, ең бастысы, бұл – туған жеріміздегі барлық жақсылықтар үшін алғыс айту мүмкіндігі. Аймақта бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты сақтағандары үшін барлық ақмолалықтарға зор алғыс сезімін білдіремін. Өз ісінің шеберлері – еңбек адамдары, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, оқытушылар, құрылысшылар және басқа мамандық иелері шынайы түрде осындай небір құрметке лайықты. Көктемнің осы бір алғашқы күні әрбір отбасына амандық-саулық, ашық аспан және жақсылық тілеймін! Денсаулықтарыңыз зор болып, Қазақстан Республикасының игілігі жолында жемісті еңбек етулеріңізге тілектеспін!

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *