Қылмыс деңгейі жыл сайын төмдендеп келеді
2023 жылы тіркелген қаңтар айында елімізде 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылға қарағанда 7,8%-ға төмен. Қылмыс деңгейі жыл санап төмендеп келеді. Бұл көрсеткіш өткен Қосшы қаласына да қатысты.
Қосшы қаласында 2023 жылғы сәуірге ауырлық дәрежесі бойынша 58 қылмыс тіркелген. Оның 18-і ауыр, 1-еуі аса ауыр, ауырлығы орташа – 23, ауырлығы аз – 10. Осылардың ішінде ұрлық – 28 бірлік, экономика саласындағы қылмыстар – 1 бірлік.
Қосшы қаласында қылмыс жылдан жылға азайып, тәртіп орнап келеді. Оған себеп басқарудың мақсатты түрде жұмыс істеуі.
Қылмыстың алдын алу ү қандай әрекеттер жасалды? Біріншіден, криминогендік жағдайлардың, қылмыстық-құқ тыйымдардың бұзылуыдың алдын алды. Әлеуметтік қақтығыстардың өрбіп, ұласуына жол берілмеді. Екіншіден, адамдардың мінез-құлқына әсер ете отырып, психологиялық жұмыстар жасалды. Үшіншіден, қылмыс деңгейін төмен деңгейде ұстау үшін мектептер мен ұйымдарда түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Дамыған елдерде қоғамды, мемлекетті және жекелеген азаматтарды қылмыстан қорғау үшін көп күш жұмсайды. Бұл үлгіге біздің мемлекетте бірте-бірте аяқ басып келеді: қоғамдағы криминогендік процестерге қарсы іс-қимыл, қылмысты тежеуді және қысқартуды қамтамасыз ету; нақты қылмыстар жасауға ықпал ететін қылмыс детерминанттарын анықтау, жою немесе бейтараптандыру; жоспарланып отырған және дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алу; халықтың және жекелеген азаматтардың қылмыстық қол сұғушылықтардың құрбаны болу қаупін азайтуы; құқыққа қайшы мінез-құлқы бар адамдарды түзетуді, қайта әлеуметтендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қылмыстың алдын алу жүйесі бірқатар функцияларды орындайтынын ескеруіміз керек. Қылмыс бір түнде жоқ болып кететін фактор емес. Оның алдын алу үшін реттеу, қорғау және тәрбие қажет.
Реттеуші функция – жүйенің қызметі адамдарға заң талаптары шеңберінде туындаған қайшылықтар мен қақтығыстарды шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасаудан тұрады. Қорғау функциясы – жүйенің қызметі азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын, әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды қылмыстардан қорғауға бағытталған. Тәрбиелік функция – өз қызметінде жүйе сендіру әдістерін, адамдардың мінез-құлқын түзетуді, олардың мінез-құлқын құқық пен мораль талаптарына сәйкес келтіруді кеңінен қолданады.
Айта кету керек, ҚР-да қылмыс деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, 2021 жылы қолайсыз көрсеткіш 3%-ға, 157,9 мың жағдайға дейін, 2020 жылы — 33,1%-ға, 162,8 мыңға дейін, 2019 жылы — 16,7%-ға 243,5 мыңға дейін, 2018 жылы — 7,6%-ға, 292,3 мыңға дейін, 2017 жылы — 12,5% - ға, 316,4 мың қылмыстық құқық бұзушылыққа дейін болатын. .
Қылмыстар санының азаюы, ең алдымен, уәкілетті органдар тарапынан қабылданатын шараларға байланысты. ҚР ІІМ бүгін қылмыс мәселесіне жазалау шаралары мен жазалаудың орнына қылмыстардың алдын алу тұрғысынан қарауді күн тәртібіндегі маңызды мәселе етіп қойды. Бұл қайғылы көрсеткіштерді төмендету тұрғысынан да, азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін құтқару тұрғысынан да аса маңызды.
Осы жылдың ақпан айында «Ситуациялық-талдау» орталығының жұмысы таныстырылған болатын. Ол құқық бұзушылықты жедел бақылауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Елімізде барлық жерде «Қорғау» жобасы енгізіліп, пилоттық режим өзінің тиімділігін көрсетті. Жаңа бағдарламаның арқасында өлім-жітім азайды. Бұл жоба Қазақстанның 12 қаласында сәтті жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру белсенді жүргізілуде. Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану — Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды барынша жедел ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта да айтарлықтай нәтижелер байқалады. Елде электрондық форматта тіркелген қылмыстық істердің саны өсуде. Мәселен, осы жылдың қаңтар айында мұндай істердің саны 12,3 мың бірлікті құрады. Өңірлік бөліністе істердің басым бөлігі электрондық форматта Алматы (2 мың), Астана (1,6 мың) және Алматы облысында (893) тіркелді.
Цифрлық құралдардың арқасында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға көбірек ат салысады және бұзушылыққа қарсы сақтық шараларын қолданады. Техникалық қайта жарақтандыру және тәртіп сақшыларының өздері белсенді кірісуде. Бүгінгі таңда әрбір патрульші жеке бейнежетонмен жабдықталған. Ал Астана, Алматы және Петропавлда бейнежетондар арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен заманауи мобильді киілетін бейнекешендерге ауыстырылды.
Жалпы, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардан электрондық форматта тіркелген құқық бұзушылықтардың үлесі 90,8%—., 2021 жылы-77,3%—., 2020 жылы-45,2% — 4, 2019 жылы-18,3% — 1, 2018 жылы-5,2% -. құрады. Бұған қарап цифрлық шешімдерді пайдалану азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырады деген тұжырымға келуге болады. Әрі, цифрлық шешімдер жалпы ішкі істер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін айтарлықтай төмендетеді.
Пікірлер (0)