Қысқы дайындық жұмыстары пысықталды
Қосшы жаңалықтары
73
7 қыркүйек күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік мекемелердің қатысуымен өңірлік жедел штаб отырысын өткізді, – деп хабарлайды Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылу беру маусымындағы дайындық туралы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Әлихан Жұмаханұлы баяндама жасады. Онда қаланың қысқы дайындығы туралы айтылды. Отырыс соңында Гайдар Қасенов қаладағы әлеуметтік маңызды нысандарды жылу маусымына дайындау үшін тиісті мамандарға нақты хаттамалық тапсырмалар берді.
«Жаз бітіп, күз келгенде халық жаппай «қыстың қамына» кіріседі. «Қыстың қамын жаз ойла» деп те бекер айтпаған. Қыс басталғанда Сарыарқаның суығына төзу мүмкін емес болып кетеді. Көптеген мәселе шығады. Сол мәселелердің алдын алу үшін жүйелі жұмыстар жасаймыз» дейді қала әкімінің орынбасары.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)