"Лесбиан қыз ұлымды соттатып жіберді" деген анасы әділдік іздеп жүр

Жаңалықтар
view 160
news

Сурет: видеодан кадр

Ақтөбелік келіншек "ұлымды жазықсыз соттап жіберді" деп шырылдап әділдік іздеп, әлеуметтік желіге жүгінді деп хабарлайды janabastau.kz Democrat.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мен Райымбердиев Асылбектің анасымын. Ұлымды жазықсыз соттады. Бұрын кездесіп жүрген қызы ұлым үйленіп кеткен соң, арада қаншама уақыт өткен соң, сотқа шағымданып, "мені зорлады" деп арызданған. Әлгі қыз "Асылбек мені 13-14 жасымда зорлады" деген. Ол қыз бұрын әлеуметтік желіде түрлі анайы видеолар салып отыратын. Кейін бәрін өшіріп тастады. 

Сотта қыз өзін Асылбек біресе "1 рет зорлады" деп, біресе "3 рет зорлады" деп түрлі жауап берді. Сот осындай түрлі жауаптарды, біз келтірген айғақтарды назарға алмады" деген әйел арызданушы қыздың лесбианка екенін айтады

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *