Баян Алагөзова Рүстем Жүгінісовке тексеріс жүргізуді талап етті

Жаңалықтар
view 619
news

Коллаж: Sn.kz

Продюсер Баян Алагөзова әнші Рүстем Жүгінісовтің «мешітке әйелдер күйеуімен немесе бауырларымен баруы керек» деген пікірі үшін тексеріс жүргізуді талап етті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Бұл туралы ол Instagram парақшасындағы stories-те жариялады.

«Никях деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеусіз немесе бауырларымен бірге бармай, жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл – әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде орамал таққан жас қызға белгісіз ер адам интимдік ұсыныс жасап, «бір реттік неке» жасайық деп тиіскен болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түсті. Осы жағдайға байланысты әнші Рүстем Жүгінісов: «Егер мешітте солай жүрсеңіздер, ер адамдар түрлі ойға кетуі мүмкін. Сондықтан абай болыңыздар. Намазды кешке үйде оқыған дұрыс», – деп пікір білдірген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *