Лукашенко Зеленскийді Кремльдің ұсынысын қабылдауға шақырды

Жаңалықтар
view 108
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Путинмен бес сағаттық келіссөздерден кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдіріп, Владимир Зеленскийді Кремльдің "тиімді" ұсынысын қабылдауға шақырды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Лукашенконың айтуынша, Кремльде Украина үшін тиімді ұсыныс бар, ал егер Киев оны қабылдамаса, жағдай одан да қиындайды. «Олар Украинадан айырылады. Сондықтан бүкіл Украинаны жоғалтпау үшін Зеленский тек сөйлесіп қана қоймай, ұсынылған шарттарға келісуі қажет», – деді ол.

Сондай-ақ Лукашенко Владимир Зеленскиймен жеке сөйлескісі келетінін айтты: «Мен онымен жай сөйлескім келеді. Айтарым бар. Біз оған кеңес беруіміз керек», – деді Беларусь президенті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *