"Мен оны жек көретін едім": Қарақат Әбілдина алғаш рет ашық айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Әнші Қарақат Әбілдина мен ақын Қымбат Әбілдәқызы "1001 түн" бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама барысында Қарақат Әбілдина туған әпкесі Қымбат Әбілдәқызы жайлы алғаш рет ашық айтып, оның өміріндегі ерекше орнын жеткізді. Әншінің сөзінше, бала күнінен қатал болған әпкесінің тәрбиесін бастапқыда ұнатпаған, тіпті жек көрген.
"Қымбат апайым қатал болды. Бұрын оны ұнатпай, тіпті жек көретінмін, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесі менің құндылықтарым мен ұстанымымды қалыптастырды. Өнердегі алғашқы қадамдарымда да ол продюсер болып, сахнаға шығуыма, ән айтуыма және сұхбат беруге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын", – деді Қарақат Әбілдина.
Пікірлер (0)