"Мәдениет саласының үздігі" атанған әншіні журналист Сәуле Әбділдаханқызы сынға алды

Жаңалықтар
view 4819
news

Коллаж: sn.kz

Әнші Бүркіттің жұбайы Аиша "Мәдениет саласының үздігі" атанған еді. Бұл марапатты журналист Сәуле Әбділдаханқызы сынның астына алды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Бүркіт деген әншінің Аиша деген әйелі "Мәдениет саласының үздігі" дейді...)) Опымай, бізде "тау-тау-тау" деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің-ау... не дауысы жоқ... күйеуіне "подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа, бір әні бар ма өзі? Естіпеппін..., - деді журналист.

Өзіміз 20 жастан тек театр, кино, әдебиет, мәдениет саласын шамамыз жеткенше зерттеуге тырыстық, жүздеген мақала жаздық, ондаған, жүздеген бағдарлама түсірдік, магистратураны оқыдық, бір академиялық театрдың тарихын түгендеп магистрлік диссертация жаздық, оны ықшамдап кітап қып шығардық, сол академтеатрға жаңа ғимарат керек деп он жыл қақсап, оған қол жеткіздік... Жүрген жерімізден тек "уволить!" деген бұйрықтан басқа ештеңеге қол жеткізбей, қолымызды бір сілтеп кете бердік... Бес тонна бояу мен бес метр кірпік жапсырып алып, "көл-көл-көл" деп әндетіп, іш майымды бүлкілдетіп, тик-токта бөксе биін билеп жүре беруім керек еді..., деп жазды Сәуле Әбділдаханқызы.

Сонымен қатар, Әбділдаханқызы министр Аида Балаеваға үндеу тастады. Ол мұның бәрі атаққұмарлықтан туындамағанын да ашып жазды.  

Aida Balayeva , мынау Мәдениет саласына үлкеееен ұят болды... Аишаға қарағанда мен он есе лайықпын ғой, маған берсең, бұлай ұятқа қалмас едің...)( атаққұмарлықтан немесе іштарлықтан айтып отырған жоқпын, елдегі сендер орнатқан әділетсіз жүйеге күйгендіктен айтып отырмын... атағың болмаса, үйімді жекешелендірмейтін топас заңдарыңа ашынғандықтан айтып отырмын...(( әйтпесе, маған десе аспаннан алтын орден жауса да, миығымнан күліп қойып, "Құтты болсын! Жумайсыңдар ма?..." деп отыра берер едім...)

Пікірлер (5)

  • Флора

    Дурыс айтасыз , казирги заман шындыктын заманы емес акшалы арсыздардын заманы болды го ,шынымен анык айтып отырсыз ол Аишан ерси бураландап билегеннен баска не онери бар еди ондай атакка ие болардай...

  • Орақ

    Шындық шырылдап айтуын айтып ақ жүрсіз Сәуле ханым..Бірақ есітетін құлақ болмай тұр ғой. Алла деніңізді сау қылсын шаршамаңыз.

  • Толик

    Дурыс айтасыз барлык салада солай

  • 👏

    👏

  • Майра

    Дурыс айттыныз Сауле

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *