«Маған трегің керек» деді»: Әнші «Калифарния» Дариға Бадықованың өтірігін шығарды

Жаңалықтар
view 172
news

Фото kzmp3.kz

Танымал актриса Дариға Бадықова «Таптым-ау» фильмінің саундтрегіне қатысты жағдайды баяндай келе жоба командасы әнші Калифарниямен байланысқан кезде, орындаушы фильмге қолданылмақ болған ұзақтығы бір минутқа да жетпейтін трек үшін бір миллион теңге сұрағанын айтқан еді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Маған ешкім қоңырау шалған жоқ»

Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, өзіне ешкімнен тікелей қоңырау шалмаған.

Маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Хабарласса, менің директорыма хабарласты. Ол кісілер осы арқылы нан тауып отырған соң «әнді алсаңыз, алыңыз. Бірақ құны осындай» деп жұмыс ретінде қарады, – деді ол.

«Дариға ханымның өзі хабарласса...»

Калифарнияның айтуынша, әншінің командасы әрқашан ресми түрде әрекет етеді, ал баға белгілеу — олардың ішкі тәртібі.

Ал Жаһан Отарғалиев ағам болса, жеке хабарласып «маған трегің керек» деді. Мен «ала бер» деп тегін бере салдым, – дейді ол.

Әнші бұл жерде мәселе кім хабарласқанына байланысты екенін де жасырмады.

Сол сияқты Дариға ханымның өзі хабарласса, мүмкін беретін едім, бермей де қалуым мүмкін еді, – деді әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *