«Магнум дауы»: Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзден
Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің парақшасында «Магнум дауына» қатысты келесі бір тың дерекпен бөлісті деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл Асылхан деген әлгі албастының үстінен 2018 жылы жазылған шағымдар… Бұл шағымдар рас болса, оның қазақтілді курьерге қатысты шуы, қазақ тіліне қатысты сатқындығы — бер жағы екен…
Сонда бұл шағымдар сол кезде тексерілмеген бе? Тексерілмеген болса, неге тексерілмеген?? Тексерілген болса, тілдің, ұлттың нағыз жауы, педагогикадан садаға кеткір, балаларымызды теріс жолға салатын Асылхан деген мұғалімсымақ осындай арыз-шағымнан кейін қалайша жұмыстан қуылмаған?
Ол қалайша осыншама жылдар бойы бала оқытқан? Қалай оқытқан? Не оқытып, не үйреткен? Қазаққа, қазақ тіліне қарсы шығуды үйреткен бе? «Көгілдір, қызғылт, түрлі-түсті» болуды үйреткен бе?
Бәсе, қаланың мектептерінде де, қала маңындағы ауылдардағы мектептерде де жылда «цветная вечеринка» деген пәле өтеді екен… Оның ар жағында не жатыр? Әр мектепте осындай «мұғалімсымақтар» жүрген шығар??? Кім тексеріп жатыр?
(Біздің Құлагердегі мектеп-гимназияда баяғыда бір осындай оңбаған мұғалім болған, аты Қазбек пе еді, Нұрбек пе еді, ұмытып отырмын… қателеспесем, өзі тағы завуч еді ғой деймін… ұл балалардың бұтына қолын салады деп балалар шағымданған…. Фатима ма, Фарида ма директор еді, соған барып айтқанмын…. одан кейін не болғанынан бейхабармын…)
Білім министрлігі қайда қарап отыр? Мына сияқты мұғалімдер мектепте істейтін болса, онда жетіскен екенбіз… Мұғалім деген, керісінше, ең бірінші кезекте тіл жанашыры, ұлт патриоты, ел патриоты, бала болашағының алаңдаушысы, қамқоршысы болуға міндетті!!! Мұғалімнің бойында ондай қасиеттер жоқ па — мектептен аулақ болсын!!!….
Қысқасы, бұл мәңгүрт жұмыстан шығарылсын! Оқу-ағарту саласынан мәңгіге аластатылсын!!!
Министр мырза, тірісіз бе? Тірі болсаңыз, тез арада шара қолданыңыз!!!!
*Скриндер осы фейсбук желісінен. Кімнің парақшасынан алғанымды ұмытып қалдым… орысша пост еді… айтып жіберіңіздерші…» деген жазба жариялады журналист Сәуле Әбілдаханқызы.
Пікірлер (1)
Мұғалім деген атқа еш лайық емес. Жұмыстан қуылсын.