Мәйіттерді зорлаған ер адамға қатысты тергеу ісі тоқтатылды

Жаңалықтар
view 1876
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.

Алматы прокуратурасы некрофилияға күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды  janabastau.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда некрофилияға күдікті азаматтың ұсталғаны осы жылдың сәуір айының соңында белгілі болды. Бірнеше күннен кейін әділет министрлігі жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі мәйітханада күзетшінің 2022 және 2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.

Алматы прокуратурасы 24 сәуірде “Мәйіттерді қорлау” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *