Маңғыстаудың ғажайып табиғаты: The Washington Post назарында

Жаңалықтар
view 65
news

Фотосурет: The Washington Post

Беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударды. Мақалада Қазақстанның туристік локациялары Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары ретінде сипатталады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Фото: The Washington Post

Материал авторы өңірге жасаған сапары туралы баяндап, шетелдік аудиторияның назарын Бозжыра, Торыш шатқалдары мен Жығылған ойпатының табиғи бірегейлігіне аударады.

Фото: The Washington Post 

Торыш немесе Шарлар алқабы — ландшафт бойына уақ тастардан бастап ірі валундарға дейінгі жүздеген домалақ тастар шашырай орналасқан орын. Ғалымдар олардың қалай пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Ал мен алқап бір кездері құдайлардың ойын бөлмесі болған деген жергілікті теорияны құптаймын. Жығылған — ұзындығы бірнеше шақырымға созылатын, ғимараттармен шамалас тастарға толы ойпат. Алыстан қарағанда, бір кездері Каспий теңізінің жағасында бір алып отырып, астындағы жерді ойып кеткендей әсер қалдырады, — деп жазады The Washington Post. 

Материалда оқшауланған әрі аутентикалық саяхат тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Фото: The Washington Post

Маңғыстау облысының танымдық туризм бағыты ретіндегі халықаралық тартымдылығы артып келеді, бұл туристік ағынның өсуімен де байқалады.

Фото: The Washington Post

Айта кетейік, Бозжырада алғашқы қонақүй құрылысы басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *