Мектеп бітірген қыз қызыл аттестатын алып, әкесінің басына барды
Жаңалықтар
160
Фото: видеодан кадр
Әлеуметтік желіде мектеп бітірген қыздың аттестатын қолына алып, қайтыс болған әкесінің басына барған видеосы тарады, – деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеп.
Желі қолданушылары мектеп түлегінің әрекетін қызу талқылап жатыр. Бірі оны қолдаса, енді бірі «хайп» үшін зиратқа баратындар көбейіп кеткенін айтқан.
«Аруақты сыйласаңдаршы», «Хайп үшін моланың басына барып, видео түсіру көбейіп кетті», «Барғысы келсе, барсыншы. Әркім өзі біледі ғой. Әкең иманды болсын, басыңа орамал тартып, ұзын жеңі бар көйлек киіп барғаның дұрыс болар еді», «Әрекеті дұрыс, бірақ сырт келбетіне де мән беру керек еді», – деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)