Мектеп бітіруші түлектерге сүйінші жаңалық!

Білім
view 71
news

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ еліміздегі кез келген университетке грантқа түсе алады, деп хабарлайды janabastau.kz сайты.

Мектеп бітіруші түлектерге сүйінші жаңалық!

Түзету енгізілген жаңа заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлдап қол қойған. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Депутаттың айтуынша, мемлекет 2021 жылы олимпиадада оза шыққан оқушыларға жоғары оқу орындарына гранттар мен ақшалай сыйақылар беру туралы шешім қабылданған. Алайда сол жылы халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдау туралы норманы өткізе алмағандарын айтады. 

Бірақ биыл бұл бастаманы Үкімет қолдап отыр екен. Асхат Аймағамбетов келесі қадам ғылыми сайыста бірінші орын алған оқушыларға 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру нормасын енгізу дейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *