Мектеп оқушысы мұғалімді және сыныптасын пышақтаған
Жаңалықтар
1237
Сурет: Ашық дереккөзден
Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салды. Бұл туралы janabastau.kz Павлодар облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер күдіктіні ұстады. "Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.
Полиция тергеу мүддесі үшін мән-жай жария етілмейтінін мәлім етті.
Пікірлер (0)