Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін "Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары" атты Жолдауын жасады

Жолдау
view 403
news

Бұл Жолдау еліміздегі қазіргі жағдайды терең талдай отырып жасалғаны анық. Өйткені ел өмірінің көп саласына қатысты тыңғылықты тұжырымдар айтылды. Президент әлеуметтік саланы қолдау, эконоиканы ілгерілету турасында маңызды бетбұрыстар жасауға шақырды. Соның ішінде энергетканы дамыту, еліміздің табиғи байлығын тиімді игеруге қатысты ойлары ерекше көңіл қуантады.

Қосшы қалсы үшін газ беру мәселесінің маңызы зор екені сөзсіз. Бұл жайлы мемлекетіміздің басшысы "Елді газбен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет. Еліміздегі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс. Сонымен қатар жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды" - деп атап өтті.

Президентіміз айтқандай электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер екені сөзсіз. Оны үнемдеп пайдалану біз үшін де маңызды. Үкіметке энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауды тапсырған Қ.К. Тоқаев: "Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет" екенін жеткізді. Бұл заман талабынан туындап жатқан қажеттілік.

Шаһар тұрындары үшін газ, су, электр энергиясы сияқты маңызды салалар бойынша алдағы уақытта көп нәтижелі жұмыстар атқарылтын болады. Бүгінгі Жолдау "Сөзден - нақты іске!" атты қағидамыздың жүзеге асуына серпін береді.

Әлихан Қуатбеков, Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *