Астанада тұрғын үй ауласында жастар төбелескен
Фото: Liter.kz
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасында болған жастар арасындағы жанжал тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Қасым Қайсенов көшесі бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, түн ішінде бір топ жас арасында жанжал шығып, айқай-шу соңы қақтығысқа ұласқан. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда «атыс дыбыстары» естілгені айтылып, тұрғындар алаңдаушылық білдірген.
Астана қалалық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 5 сәуір күні түскен шақыртуға жедел әрекет ету тобы дереу барған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында атыс болғаны расталмады. Жанжалдың шығуына жастар арасындағы жеке келіспеушілік пен қызғаныш себеп болған, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оларға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Пікірлер (0)