Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа барғанын жазған едік.

Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын былтыр желтоқсанда мәлімдеген болатын.

Жақында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырғанын, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынғаны белгілі болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *