Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Фото интернеттен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп жазады janabastau.kz.
![](https://janabastau.kz/images/blockquote.png)
Құрметті еліміздің православ қауымы!
Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.
Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.
Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.
![](https://janabastau.kz/images/blockquote.png)
Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін, - делінген Ақордада жарияланған хабарламада.
Пікірлер (0)