Президент соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы сан қырлы ықпалдастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы сан қырлы ықпалдастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
– Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығая түсті. Біз бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткіздік. Нәтижелі кеңес болды. Өзара серіктестікке серпін беретін басым бағыттарды айқындадық. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды одан әрі нығайтуға уағдаластық. Осы мақсатты жүзеге асыруға құқықтық негіз болатын маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойдық. Ең бастысы, қазақ-түрік қатынасын жаңа деңгейге көтеретін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларацияны қабылдадық. Бұл тарихи құжат, шын мәнінде, халықтарымыздың бірлігі мен болашаққа деген ұмтылысының бірегей нышаны екені анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (0)