Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрады

Жаңалықтар
view 288
news

Сурет: ҰҚК

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірген,-деп хабарлайды Janabastau.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында.

"Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады", – деп хабарлады ведомство.

Онда Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *