Мемлекеттік жәрдемақылардың 10 түрі балалы отбасыларға тиесілі
Редакция таңдауы
112
ОКҚ алаңында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті.
Мемлекет басшысы қол қойған Әлеуметтік кодекс әрбір қазақстандық отбасының әлауқатын көтеруді нығайтуды көздейді. Ондағы маңызды новеллалардың бірі – Отбасының цифрлы картасы немесе еліміздегі отбасылардың дербес дерек қоры. Оны енгізудегі негізгі мақсат – әрбір қазақстандық отбасының мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Отбасының цифрлы картасы осы жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылуда.
«Осы карта арқылы отбасының әл-ауқатын автоматты түрде анықтауға, отбасыны тиесілі мемлекеттік қолдауларға және оларды проактивті форматта қолдауға мүмкіндік беретін электронды жаршы ретінде іске қосылды. Ақпараттық жүйе Smart Data Ukimet жүйесінде іске асырылған», деді вицеминистр.
Ол бұл әдістеменің қазақстандық отбасыларды олардың кірісі, жанұясындағы әлеуметтік мәртебесі, үй-жайы, денсаулығы, оқудағы нәтижелері тәрізді әр- түрлі әлеуметтік статустарына байланысты бес санаттан құралатынын айтты. Осы санаттағы азаматтардан өмірлік қиын жағдайларға тап болғандары болатын болса, олардың келісімі бойынша сол азаматтарға смс хабарлама арқылы проактивті форматта қолдаулар көрсетіледі.
«Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылардың 10 түрі бүгінгі таңда балалы отбасыларға тиесілі. Оларды 3,4 млн отбасы алып отыр. Бұған мемлекет тарапынан 1,8 трлн теңге қаражат көзделген», деді Е. Оспанов.
Он түрлі жәрдемақының алтауы – республикалық бюджеттен, үшеуі – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және біреуі – жергілікті атқарушы органның бюджетінен қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)