«Мен жастарға сенемін» атты мәнерлеп оқу байқауы

Редакция таңдауы
view 507
news

Құрметті Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылының тұрғындары!

Көрнекті ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты мәнерлеп оқу байқауын жариялаймыз.

Байқау шарттары:
  1. Мағжан Жұмабаевтың 1 өлеңін видеоға жатқа мәнерлер оқу;
  2. Дайын бейнероликтерді 25 мамырға дейін 87755451097 нөміріне жіберу;
  3. Бейнероликтер @kitaphana.qosshy инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланады. Ең көп лүпіл жинаған қатысушыға “Көрермен көзайымы” номинациясы беріледі және дипломмен марапатталады.
  4. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалайды. Бағалау барысында жатқа айту, мәнерлеп оқу, образды сомдау шеберлігі ескеріледі.
  5. Қатысушылар "Балдырған" (5-10 жас аралығы), "Жас өркен" (10-17 жас аралығы), "Наркескен" (18 жастан жоғары) номинациялары бойынша бағаланады.
Ұйымдастыру алқасы: Қосшы қалалық кітапханасы. Байланыс нөмірі: 87755451097.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *