"Менен қателік кетті": қойшы бала білместікпен жасаған қателігіне өкінетіні айтты

Жаңалықтар
view 882
news

Сурет: Ашық дереккөзден

"Қойшы бала" лақап атымен танылған әнші Айдос Кәден “Менің өмірім” бағдарламасында  берген сұхбатында өнер жолындағы абайсызда болған қателігі туралы айтты,  деп хабарлайды Janabastau.kz.

Сұхбат барысында ұстазы болған Жігер Ауыпбаев туралы сөз қозғады. 

"Менің сөздерім әлеуметтік желіде таралып кетті. Ол жерде артық ештеңе айтқан жоқпын. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке-дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен "болдым, толдым" деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам, ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар. Менен қателік кетті", – деді әнші Айдос Кәден.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *