Мәслихаттың бесінші сессиясында екі мәселе қаралды
Редакция таңдауы
127
Мамырдың 31 күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет және әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысы және мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Қала мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Ерғали Дүйсенұлының төрағалығымен өткен отырысқа мәлихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібі бойынша екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе: Электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау) абаттандыруға, салуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы. Бұл мәселе жайлы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Жасұлан Шегібаев және қаланың құрылыс бөлімінің басшысы Нұрлан Садыров тұшымды ақпарат берді.
Екінші мәселе: Қала мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №46/11-7 "Қосшы қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, ол бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақтыбай Шәдиұлы баяндап берді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары өз сауалдарын қойып, оған тиісті жауап берілді. Отырыстың соңында аталған мәселелер бойынша мәслихат комиссияларының қаулысы қабылданып, сессияның шешімі шықты.
janabastau.kz
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)