Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтар оқиғаларынан кейін Президент реформалары аясында бірігуге шақырды

Жаңалықтар
view 78
news

«Қаңтар трагедиясы елдегі реформаларды болдырмауға бағытталған қадам болатын. Өздерінің «дәстүрлі» майшелпектерінен, эксклюзивті экономикалық монополиялары мен мүмкіндіктерінен айрылғысы келмеген реваншистік топтардың алдын ала дайындалғаны, қаруланғаны айқын көрінді. Бұған қоса кейбір полиция және күштік құрылым басшыларының сатқындық жасап, әскери борыштарын орындамағанын еске алуымыз керек. Жергілікті және орталық билік тармақтарына сес көрсету, өзара ұйымдасып, киімдерге белгі тағып, әскери және арнайы техниканы пайдаланып, бір кезде бірнеше аймақта мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді күшпен басып алу, өртеу, аэропорт пен вокзалдар жұмысын бұғаттау, телеарналарды басып алып, олардан хабар тарату әрекеттеріне қарулы бүлік және мемлекеттік төңкеріс әрекеті деген баға беріп, негізгі көріністері мен тәсілдерін аңғаруға болады деп санаймыз», – деді Айдос Сарым Мәжілістің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, төтенше жағдай жарияланғанда көшеде жүру, коменданттық сағатты мойындамау, қару, арматура мен тас тарату, жастарға арнайы ішімдіктер, энергетиктер тарату, жандырғыш Молотов коктейльдерін тарату, колонна құрып, жолай жұрттың мүлкін тонау, өртеу, қарақшылық әрекеттерін ұйымдастыру сияқты әрекеттер экстремизм деп бағалануы керек.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *