Миллиардтан астам теңгені ұрлап, қолға түскен Перизат Қайраттың анасы қазір қайда? Антикор жауап берді
Сурет: Ашық дереккөзден
Қайырымдылыққа бөлінген 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынған блогер, кәсіпкер Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева туралы Қаржылық мониторинг агенттігі нақты жауап бермей отыр, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ведомство «сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймыз» деген жауаптан танбай отыр.
Бұдан бұрын БАҚ-та Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның қазақстандықтардың көктемгі су тасқынына деп жинаған ақшаны қызына қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескені туралы жазылған еді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпаратты шынға да, теріске де шығармады.
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиістігін хабарлайды. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн», - делінген жауапта.
Пікірлер (0)