Министр Назарбаевтың Тэтчерге берген наградасын саудаға қойғандар жазалануы керегін айтты

Жаңалықтар
view 98
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Маргарет Тэтчерге табыстаған награданың Ұлыбританияда сатылымға қойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды janabastau.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Есқараевтың сөзінше, біздің заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградаларды сатуға жол берілмейді. 

"Тиісті жауапкершілік қылмыстық кодексте қарастырылған. Ал мемлекеттік наградаларды сатқан, саудалаған адам жауапқа тартылуы керек. Ұлыбритания мәселесіне келетін болсақ, біріншіден, Маргарет Тэтчердің аты аңызға айналған тұлға екенін ескеру қажет. Тарихта белгілі бір рөл атқарған мұндай тұлғалардың жеке заттары, кітапханасы, марапаттары аукционға мерзімді түрде қойылуы мүмкін – бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі", - деді министр.

Министр жауапкершілікке тарту мәселесі бұл басқа да уәкілетті органдардың – Сыртқы істер министрлігінің немесе Мәдениет министрлігінің құзыретіне жататынын атап өтті.

Еске салайық,награда сатылатыны туралы хабарландыру антиквариаттар сатуға арналған Peter Harrington сайтында жарияланған. 

Награда 8 миллион теңгеге бағаланған.

Нұрсұлтан Назарбаев награданы Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчерге екі ел арасындағы байланысты дамуына қосқан үлесі үшін берген болатын.

Енді орден 12,5 мың фунт стерлингке сатылмақ.

Сонымен қатар, сипаттамада орденнің ешқандай зақымы жоқ, тек аздаған сызаты бары айтылған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *