Талғарда тергеу изоляторынан күдікті қашып кетті
Сурет: Ашық дереккөзден
Талғарда тергеу изоляторынан күдікті қашып кетті
inbusiness.kz хабарлауынша желідегі парақшалардың бірінде мынандай ақпарат таралды:
"ҚК-тың 120-бап, 4-бөлігі бойынша ісі қаралып жатқан күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Абырой болғанда, оны арқаннан уақытылы түсіріп үлгерді. Дегенмен, бүгін түстен кейін ол қашып кетті. Барлық қызметкерлер оны іздеуге кіріскен, бірақ соңғы мәліметтер бойынша оны табу мүмкін болмай жатыр. Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл жарияланған”, – делінді мәліметте.
Желіде таралған видеода қала ішінде полиция көліктерді тоқтатып тексеріп жатқаны көрінеді.
Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қашқынды ұстау үшін "Сирена" жоспары енгізілді.
Негізгі бағыттарда блокбекеттер қойылып, полицияның барлық күштері күдіктіні іздеуге және ұстауға жұмсалып жатқандығы хабарлануда.
Сонымен қатар, К. есімді күдіктінің қашуына қатысты мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде.
"Оқиға облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.
Пікірлер (0)