Алтынға құмар алматылықтар

Жаңалықтар
view 98
news

Фотосурет taukenaltyn.kz

Елімізде сатылған 14 мыңға жуық алтын құйманың көп бөлігін алматылықтар алған.

2024 жылдың III тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 475,5 келі 13 940 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Ұлттық Банк 2017 жылы халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарлама басталғалы жалпы салмағы 7,4 тонна болатын 199 235 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 24% (48 629 дана). Одан кейін 100 грамдық алтын құймадан 47 227 дана (24%), 5 грамдық құймадан 44 127 дана (22%), 20 грамдық құймадан 31 612 дана (16%) және 50 грамдық құймадан 27 640 дана (14%) сатылған, – делінген ҰБ хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы III тоқсанда алтын құймалардың ең көп бөлігі Алматыда (8 101 дана, 58%), Шымкентте (1 279 дана, 9%) және Астанада (1 243 дана, 9%) сатылды.

Бағдарлама іске асқалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктер жалпы салмағы 1,1 тонна 41 058 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 21%-ы. Олар кері сатып алуға қабылдаған өлшемелі құймалардың барлығы халыққа Ұлттық Банктің филиалдарына кері тапсырусыз сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз, – делінген ақпаратта.

Қазір алтын құймаларды бірқатар екінші деңгейлі банкке, сондай-ақ банктік емес жекелеген пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

 

Алтын құймалардың бағасы не нәрсеге негізделіп қойылады?

Сертификатталған аффинирленген алтын құймалардың (немесе өлшеуіш құймалар) құны бір троя унциясы үшін Лондонның Бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген АҚШ долларындағы алтынның таңертеңгі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамына байланысты болады. Өлшеуіш құймалардың бағасы күн сайын өзгеруі мүмкін. Бұл ретте екінші деңгейлі банктер және банктік емес айырбастау пунктері өлшеуіш құймалардың бағасын дербес белгілейді.


Қазақстандықтар көбіне қандай алтын құйманы сатып алады?


Бағдарлама іске қосылғалы 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін салмағы 100 грамдық құйма сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие. Оның сатылған жалпы көлемі 25% – 46 007 дана. Одан кейін 10 грамдық құйма – 45 781 дана (25%), 5 грамнан – 41 592 дана (22%), 20 грамнан – 29 796 дана (16%) және 50 грамнан – 22 119 дана (12%).

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *