Мотоциклмен 8 жасар баланы қағып өлтірді

Жаңалықтар
view 898
news

Сурет: excellent-moto.ru

 Атыраулық жасөспірім мотоциклмен 8 жасар баланы қағып өлтірді. 8 жасар бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жетпей қайтыс болды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

 inbusiness.kz  мәліметінше қайғылы оқиға 18 мамыр күні сағат 15:25-те Атырау облысында Индер ауданы Бөден ауылында болған.

 Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, мотоцикл мінген 16 жастағы жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кеткен. 1-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, Индер аудандық ауруханасына бара жатқан жолда мерт болды.

Тәртіп сақшылары наурызда бұл жасөспірімге жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Алайда осыдан кейін адам өліміне әкелген жол апатын жасады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *