«Мұндай нәрселер тоқалына ұнайды»: нумеролог Қабатовтың кейінгі өміріне талдау жасады
Фотосурет: ozgeris.info коллажы
Айнұр Қожаева есімді нумеролог желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің сандарына талдау жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жас тоқал көп нәрсені Мөлдірді қызғандыру үшін әдейі істейді.
«Ол – гедонист. Оған барлығының өзі үшін қызмет етіп тұрған ұнайды. Өзін қинағысы келмейді. Сондықтан да 18 жасында ақшасы бар еркектің екінші әйелі болуға оңай келісе салған болуы мүмкін.
Ол үшін көпшіліктің аузында жүріп, барлығын өзіне қаратқан ұнайды. Мөлдірге шағым айтып, ол туралы сөз қозғай берудің қажеті жоқ. Себебі мұндай нәрселер тоқалына ұнайды. Прогноз бойынша, 2025 және 2026 жылдар Тұрсынбек екеуі үшін де оңай болмайды. Барлық жақтан сынға ұшырайды. Ал 2027 жылы баланы дүниеге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ оның атына жылжымайтын мүлік те жазылады. 2028 жылы қарым-қатынастарында дағдарыс болады. Көзге шөп салу қаупі бар.
Кешірім беруі де мүмкін. 2030 жылы Тұрсынбек екеуі ажырасып кетуі ғажап емес. Екеуі үшін де өзгеріс кезеңі болады. Ажырасу да, отбасын сақтап қалу да тек екеуіне байланысты. Бірақ кризистен қашып құтыла алмайды», - деп талдау жасады нумеролог.
Пікірлер (0)