Қыдырәлі Болманов жас қызбен сүйісуіне қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 158
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов өзі туралы жасанды интеллект арқылы жасалған даулы видеоға қатысты арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Желіде тараған бұл жалған бейнежазбада продюсердің жас қызбен құшақтасып, кейін сүйісіп тұрғаны көрсетілген. Продюсер бұл жағдайға қатты ашуланып, мұның бәрі өзіне жағылған күйе екенін айтты.

«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Тағы не жасайды екен мына «белгісіздер».

Асыл әжем мынаны көрсе, ойланбастан ақ таяғын алып, «әй, Қарақатың қайда?» деп мені тұра қуушы ма еді? Бұл шығарманың «жасанды интеллект», мына видеоның өтірік екенін ол кісіге еш түсіндіре алмас едім. Сол сияқты, айналайын, апа-әжелерім, «Мынау не масқара?» деп қалмаңыздар. Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын! Жасымыз мыңға келгенде өте ыңғайсыздау екен. Әсіресе Алла бере салғандарым көріп қойса. Үлкендері түсінер, осы заманның балалары. Ал кішкентайларыма ше?

Қорқыныштысы, «ИИ» барған сайын дами бермек. Мына видеода мен емес екенім көрініп тұр. Құдайға шүкір! Бара-бара айнытпай жасайтын кез келгенде, күніміз не болар екен... Бұл әлі бәйшешегі ме деп сескенемін. Инста пайда болғалы парақшасына «подписчик» жинап, қаралымын көбейту үшін ештеңеден тайынбайтын тобыр көбейіп, әркімге жала жауып, өздеріне бәле тілеп, өз қазағын өзі жұлып жеп, қараптан-қарап қаралап, күйе жағып жүретін, ар-намыстан жұрдай, Алладан қорықпайтын, жала жапқыш, пікір айтқыш, мін таққыш, барар жері белгісіз бір көш келе жатыр-ау?!

Көсемі көп.

Тұлпары жоқ бұл көштің есегі көп.

Қанағатсыз, тойымсыз пәс пенделер,

Аларың көп, қайтейін, есебі жоқ.

Бір көш кетіп барады, батыры көп,

Балтасы бар қолында, ақылы жоқ.

Қайда кетіп барады-ау, қайран заман,

Мадақ айтқан қасында ақыны көп...

Бір көш келе жатыр-ау, түйесі көп,

Белгісіз мына көштің иесі жоқ.

Бір сөз кетіп барады желмен ұшып,

Киесі жоқ, тыңдайтын жүйесі жоқ», – деп жазды күйінген өнер иесі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *